БастыЖаңалықтар

Қарттар үйінің директоры қариялардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырған

Қарағанды ​​облысының Абай қаласында қарттар үйінің директоры қариялардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жымқырғаны үшін 2 миллион теңге айыппұл төледі, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаржыны ұрлау фактісі 90 қария бар қарттар үйінде орын алған. Олардың 30-да мүгедектік болса, 60-ы зейнеткерлер екен.

Қарттар үйінің директорына өмір бойына мемлекеттік қызметте отыруға тыйым салынды.

“Қаражатты жымқыру ісі бойынша ҚМУ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманы мен «Қазпошта» Абай филиалының қызметкері де сотталды. Оларға жазаны өтеудің барлық мерзімі ішінде пробациялық бақылау орнатылып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”,- деді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button