Жаңалықтар

Сайлаудан балаларға базарлық

Биылғы кезектен тыс Президент сайлауы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Сайлау 20 қараша – Халықаралық сәбилер күні мерекесімен қатар келіп, балғындар үшін арнайы игі іс қолға алынды.

Қаладағы сайлау учаскелеріне балаларымен келген сайлаушылар олжалы болды. Солардың бірі — «Мирас» шағынауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Сапарұлы. Төлеген қария А. Құнанбаев атындағы мектепте орналасқан №274 сайлау учаскесіне жұбайы Ұлбала апа мен егіздер — Айым, Бегімді ерте келіпті.

—Біз өз таңдауымызды жасадық, ал балаларымыз сыйлық алып мәз. Бүгін халықаралық сәбилер күні екен. Осы жерге келіп, естіп жатырмыз. Барша ата-аналарды қос мерекемен құттықтаймын! – деді қария.

Сонымен қатар, Төлеген қарияға шапан жауып, егіздерге ойыншық үлестірді.

Айта кетейік, №274 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы С.Юнусметовтің айтуынша, аталмыш учаскеге 2892 сайлаушы тіркелген. Оның 50 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген.

«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button