Жаңалықтар

Түркістан өңірінде кәсіпкерлікті дамыту жолдары талқыланды

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен кездесті.
Кездесуде өңірде кәсіпкерлікті дамыту, қолдау көрсету және өзге де мәселелер талқыланды. Өңір басшысы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашу басым бағыт екеніне тоқталды.
– Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті өркендету жолдарын қарастырып жатырмыз. Индустриалды аймақтардың инфрақұрылым мәселесі де зерделенуде. Өңірде ірі зауыттар аз. Инвесторлар тарту бойынша жұмыстар қолға алынды. Қазір жастарды еңбекке тарту, оларды ынталандыру бағытындағы жобаларды күшейткен жөн. Бұл ретте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жұмыс атқаруға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
Рустам Жүрсінов барлық өңірді аралап келе жатқанын айта келе Түркістанда шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол екенін атап өтті.
– Түркістан өңірінің басты байлығы – адами капитал. Жұмыс күші жеткілікті. Қиындықтар бар екенін де білеміз. Бүгін кәсіпкерлермен кездесіп, олардың мәселелерін, өтініштерін тыңдадық. Өңірдегі кәсіпкерлік палаталары әкімдіктермен бірге кәсіпкерлікті дамыту жұмысына атсалысады. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Рустам Жүрсінов.
Бүгінгі таңда облыста 170 мыңнан астам мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр. Биыл олардың саны 26,5 мыңға артты. Тұрғындарды кәсіпкерлікке баулу, несиелендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Кез келген елдің ішкі нарығы сыртқа тәуелді болмаған кезде барып, оның дамуы мен экономикалық тұрақтылығы көтеріле бастайды. Дамыған елдердегі ішкі өндіріс, шағын және орта бизнес үлесі 80 %-дан асып кетеді. Осы себептен де, Қазақстан «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасын ұсынып, жаппай ел ішінде бизнесті дамытуды қолға алып отыр.

Шағын және орта бизнес дегенді қалай түсіну керек?

Қарпайым тілмен айтқан кезде, шағын және орта бизнестің өзіндік айырмашылығы бар.

Шағын бизнес – атадан-балаға нәсіп және кәсіп болып келе жатқан отбасылық, үлкен көлемде пайда әкелмесе де, ай сайын сол отбасын асырауға жететін мөлшердегі материалдық қажеттілік әкеліп тұратын бизнес. Мәселен, ата-кәсіпке айналып кеткен тері өңдеу, қолөнер секілді бизнесті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сол арқылы күнін көріп отырған болса, бұл шағын бизнес боп есептеледі.

Елімізде шағын бизнесті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жұмыстар бар. Себебі, қазақ халқы қолөнерге және шаруашылық өндірісін дамытуға бейімі бар. Шағын кәсіпті айналдыру арқылы әрбір отбасы өзін ғана асырап қоймайды, ол үлкейіп қасындағы адамдарды жұмысқа ала бастайды. Бір сөзбен айтқан кезде, өзінің де отбасын асырап қоймай, өзгелерге де жұмыс тауып бере алады. Жұмыспен қамту жағын шешуге септігін тигізеді.

Орта бизнес деп отырғанымыз, бұл ендігі үлкен компания, бірлестік. Бұл бизнес мемлекеттің тікелей экономикалық жақтан өсуіне көмектеседі.

Ел экономикасы сыртқа тәуелді болмауы үшін, дамуы үшін шағын және орта бизнес үлесі 50%-дан асуы керек. Бізде әзірге бұл көрсеткіш төмен. Дегенмен, өсім жоқ деуге тағы да болмайды. Елімізде шағын бизнесті жасап отырған жастардың саны басым. Негізінен аяқ киім, зергерлік, қолөнер мен ауыл-шаруашылық өндірістерін дамытып отыр. Ешкінің сүтінен балмұздақ жасау, таза отандық тері өндімерінен аяқ киім дайындау секілді кәсіп жылжып келеді.

Ішкі нарық толыққанды сырттан келетін тәуелділікті қанағаттандыратын болса, ел қаржысы өз ішінде айналып, экономика нығаяды. Мәселен, біздің ішіп-жейтініміз бен киім-кешек, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сырттан келетіндіктен, ақшаның негізігі бөлігі айналымға түспейді.

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін бизнесті тек түрлі қырынан қарау аздық етеді. Онда инновациялық жаһандық әдістер, озық технологиялар қолданылуы керек. Жаңа өнімдерді өндіріп оны жаппай халық ішінде қолданысқа түсірген кезде өзгеріс болады.

Баламасы жоқ өнімді ойлап табуға өндірістік күш немесе саланы толыққанды игере алмаудың кесірі әсер еткен жағдайда Қытай секілді мемлекеттерден үлгі алуға болады. Яғни, кез келген өнімді ішкі нарықта өндіру арқылы, оның көшірмесін жасау арқылы да халықты жаппай қажетті өнімдермен қамтамасыз ету.

Елімізге жетіспейтін нарықтағы ең ірі және үлкен кәсіптік салалар ретінде көлік өндірісі мен киім-кешекті атауға болады. Себебі, бізге тек қана шеттен келген көліктер тізгінделсе, күнделікті киім-кешектің Қытай, Түркия, Қырғызстан секілді елдерден тасымалдаймыз. Биыл «Жастар жылы» деп бір жылдың еңбегін жастардың қолына берген екенбіз, олардың шағын және орта кәсіпті дамыту үшін ұсынған жобалары мен жұмыстарын қолдау өте маңызды.

Келешектің іргесін бүгін қалау керек. Ал бүгін қаланған еңбектің жемісі ертең құрдымға кетпесін десек, бәріне жан-жақты қараған жөн. Айналып келген кезде мемлекет маған не береді емес, мен мемлекетке не беремін ұстанымын ұстанғанымыз ұтымды болар еді.

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.

Бірақ, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдаулар және әкімшілік реттеу жүргізіліп жатқанмен, шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейде емес. Шаруашылық салаларын алатын болсақ, саудадан басқа жерде шағын және орта кәсіпкерліктің жетекші ықпалы байқалмайды.

Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа, мемлекет, кәсіпкерлікті қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл нысандарының барлығын мемлекеттік атқарушы органдары арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдармалардың көмегімен де, әр ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған стратегиялар көмегімен де жүзеге асырады.

ҚР Призидентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Жолдауында: «Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20%  орнына кемінде 50%  өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге- кәзіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек» деп шағын және орта кәсіпкерліктің маңызын атап көрсетті.

Осы орайда елімізде көптеген шаралар жүзеге асуда. Олардың қатарында:

– шағын және орта кәсіпкерлік еліміздегі жұмыссыздықты азайтудың негізгі нысаны. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама жүзеге асқалы бері, елді- мекен тұрғындарының табысы 6% артты. Кедейшілік деңгейі 5,9% дан 3,8%- ға қысқарды.

– Мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасалып, шағын және орта кәсіпкерлікке қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау жүргізілуде.

– Шағын және орта кәсіпкерлікті жетілдіру жолында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қызмет атқарып жатыр.

– Ауылдық жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл шараларды «Ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Казагрофинанс» АҚ, «Продкорпорация» АҚ жүзеге асыруда.

– Мемлекеттік органның даярлау, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату шаралары жүргізілуде.

– Технопарктер құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы болып кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кеңінен қарастыру ғана емес, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану да табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта ЖІӨ-де алатын үлесі- 20%. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік экономикада тек шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға  дейін жетеді. Дамыған мемлекеттердегі шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі, мысалы, Жапонияда 55%, Ұлыбританияда-52%, Германияда-57%, Италияда-70%. Салыстырмалы сараптама Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің макроэкономикалық көрсеткіште үлесінің өте аз екенін көрсетеді. Оны 50%-ға жеткізу 2050 жылдарында болжанып отырғаны белгілі.

Статистика көрсетіп отырғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелеген шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер санының өсіңкілігі байқалады (кесте 1.2.3.4).

Шағын және орта кәсіпкерліктегі қомақты әлеуметтік рөлді атқарумен бірге бюджетке елеулі салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді. Осы күнгі күрделі жағдайларда шағын және орта кәсіпкерлік тұрақтандыру ретінде көрініс береді. Бизнес жеке азаматтардың өз бетінше, өзінің мүліктік жауапкершілігіне және өз тәуекелімен пайда табу немесе басқада формада экономикалық пайдаға ұмтылу әрекеттері.

Шағын және орта кәсіпкерлік нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі деп айтуға болады. Оған жылдамдық, икемділік және жоғарғы тиімділік сипаттары сәйкес келеді. Осы және басқада артықшылықтарды  ұлттық экономиканы дамытудың қозғаушысы ретінде саналады. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік сферасында миллионнан астам адамдар жұмыс істеуде, дегенмен шағын және орта кәсіпкерліктің құрылуы мен өсуі жөніндегі мәселелерді одан әрі оқып білуді талап етеді: даму перспективаларын болжау және басқару, талдау, бағалаудың икемді және тиімді әдістерін дайындау.

Қорытындылай келе, мәліметтер бойынша шағын бизнестегі кәсіпорындар саны артып келеді, сонда да, отандық кәсіпкерлікті  шектейтін негізгі себептерге: кәсіби білімнің жетіспеуі, несие беру (тек бастаушыларға арналған), инновациялық идеялармен қаржыландыру көзінің түйіспеуі, тіркелген, бірақ жұмыс істемейтін кәсіпорындар санының өсуі т.с.с. жатады.

Сонымен, еліміздің тұрақты экономикалық дамуы үшін шағын және орта кәсіпкерлікті сапа жағынан жетілдіру өте маңызды. Негізгі мәселелерді анықтап, оның ұтымды шешімін таба алған жағдайда ғана біз экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіземіз.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей шикізатқа сенген мемлекеттер дағдарысқа ұшырауда. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі туындап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button