Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙМЫЗ

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының бір мерзімге ғана сайланып, бастаған реформаларын аяғына дейін жеткізгенін қалайды. Бұл өз кезегінде елге келетін инвесторлардың тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады.
Президент мерзімінің жеті жыл болғаны дұрыс деп ойлаймын. Жеті жыл ішінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға өте қолайлы мерзім. Әр жеті жылда әрбір бастаған бастаманы тыңғылықты аяқтауға болады. Өйткені бұл аз уақыт емес. Осы жеті жылдың ішінде көптеген жұмыстар атқаруға болады.

Елдің жанына ең жақыны – әділдік. Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев еш күмәнсіз жеңіске жетті. Мемлекет басшысының міндеті халықты бақуатты ету, халықтың еркіндігін өзіне беру, қоғамда бірлікке қол жеткізу болса, оның шешу тетігі – барлық салада әділетті саясат жүргізу.

Мұхтар АЯЗОВ,
Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button