Жаңалықтар

Түркістан: Әлеуметтік идеялар мен жоба авторлары марапатталды

Түркістанда ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсетіп, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстары қорытындыланды.
Шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ТО Азаматтық Альянсы ЗТҚ бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.


Жиынның мақсаты – озық идеялар мен жобалар жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдардың абыройын арттырып, қоғамда беделін маңызды екендігін айқындау. Кездесуде әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушылар өз жобаларын қорғап, көпшілікке таныстырды. Жалпы 30 өтінім келіп түскен.
Шарада алғашқы болып сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, озық ойлардың қоғам үшін пайдасы зор екендігін айтты.


«Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ », Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Шәріпбек Жамалбек, сонымен қатар “Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ” президенті Инара Әбдіғаппарқызы Намазбаева ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың қоғам дамуына қосатын үлесіне тоқталды.
Басқосу соңында оза шапқан қатысушылар марапатталып, арнайы алғыс хаттар табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button