БастыЖаңалықтар

Кейінгі тәулікте елімізде 116 адамнан COVID-19 анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-ды жұқтыру бойынша 116 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Алдыңғы күнгі деректерге сүйенсек, 112 қазақстандық коронавирус жұқтырған. 12 қаңтарда 138 адамнан COVID-19 анықталды.

14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 280 адам коронавирус инфекциясынан (–2 130+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 220-сы стационарда, 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 7 адамның жағдайы ауыр,

– 7 науқастың жағдайы өте ауыр,

– 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button