БастыЖаңалықтар

Мұнай компаниясының екі қызметкері түсініксіз жағдайда қайтыс болды

Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі жүргізушісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 ақпанда “Арысқұм” кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген.

“3 ақпанда сағат 11:38 шамасында “Саутс Ойл” ЖШС қызметкерлері қайтыс болды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, біреуі демалыс бөлмесінде, екіншісі көлікте өлі табылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button