«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
Жамбыл облыстық мәслихаттығына үміткерлер Абдалы Нұралиев пен Оксана Борисюк «Есіктен есікке» акциясы аясында Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі Бектөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Үйді-үйді аралау барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндірді. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі ұсыныс-тілектерін тыңдап, ашық талқыға салды. Ал тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, ауыл жайы қаузалды.
«AMANAT» – халықтың партиясы. Сондықтан, әрбір тұрғынның ұсыныс-тілегі мен талабы маңызды. Партия өзінің алдағы 5 жылға арналған бағдарламасында барлық сала қамтылған. Оның ішінде ауылды да дамытуға арналған тың жоспарлар бар. Сіздердің сенімдеріңіз біздерге серпін беріп, жоспарлардың жүйелі орындалуына негіз болары сөзсіз, – деді Абдалы Тоқбергенұлы.
Акция соңында алдағы уақытта болатын сайлауда «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған “AMANAT” партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді