Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР «ҚАЗПОШТА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Балық берме, қармақ бер. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін алдымен олардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау керек. Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға баса көңіл бөлініп келеді.

Осы орайда, «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасында осы саладағы өзекті мәселелерді шешіп, оны өркендетуге басымдық берілді. Кәсіпкерлікті қолдау арқылы – азаматтардың табысы артып, жаңа жұмыс орындары құрылады. Нәтижесінде, ел экономикасы үдей түспек.
Бұл басымдықтар облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұркен Бақытбекұлы, Нұрболат Ибраев, Ержан Ескендірдің «Қазпошта» АҚ-ның ұжымымен кездесуінде айтылды.

«Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жыл сайынғы мемлекеттік гранттар арқылы кәсіпкерлерді қолдауға қазынадан қаржы бөлінеді. Жобаларды іске асыру арқылы 2,2 мың жұмыс орындарын құруға ықпал етіледі. Сонымен қатар, 2 мыңға жуық кәсіпкерлердің қаражаттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар санын арттыру мақсатында партия жанындағы қоғамдық кеңестерде несилендіру қарқыны, әкімшілік кедергілердің болмауын, туындаған мәселелердің оңтайлы шешілуін және жұмыс орындарының құрылуын қадағалайтын боламыз»,-деді сайлаушылармен кездесуде Нұркен Бақытбекұлы.

«AMANAT» партиясы облыс орталығынан бастап, өңірге қарасты барлық ауылдарда лайықты өмір сүруге жағдай жасауға бар күшін салып, әрбір тұрғынның сапалы ауыз сумен, көгілдір отын, инфрақұрылыммен қамтылуы үшін кешенді жоспар қорып отыр. Әсіресе, халықты баспанамен қамтамасыз етуге күш саланбақ. Алдағы бес жылда 3,5 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл баспана мәселесін түбегейлі шешпегенімен үлкен көмек деп ойлаймын»,-деді Нұрболат Ибраев.

Жиын соңында тыңдаушылар қалаға жақын орналасқан «Наурыз» елді мекеніне көгілдір отынның қашан келетіні жайында және әйелдердің зейнет жасына байланысты сауалдарын жолдап, үміткерлер тарапынан жауаптарын алды. Сондай-ақ, кандидаттар сайлауалды бағдарламаның барлық тармағын жеке-жеке түсіндіріп, 19-наурызда өтетін саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button