Қоғам

КАНДИДАТТАР ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Жібек Жолы» сауда ойын-сауық орталығында қала тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы мен басым бағыттары айқындалғанын жеткізді. Тұрғындарға үгіт жұмыстарын жүргізіп, талап-тілектерін тыңдады.

Экспромт кездесуде кандидат Жорабек Нұрымбетов әр тұрғынның әлеуеті мен проблемалық мәселелері сараланған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында халықтың пікірі де кеңінен ескерілетінін айтып өтті.

«Шалғайдағы ауыл тұрғындарын алаңдатқан таза ауыз су, сапалы инфрақұрылым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, облысымыздың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланған»,-деді үміткер.

Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Сондықтан бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз бола алады. Ел аманатын арқалаған «AMANAT» саяси құрылым ретінде осы ұғымның үдесінен шығып келеді.

Сонымен қатар, «AMANAT»-тың басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған үгіт-насихат парақтарын таратып, 19 наурызда «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«AMANAT» партиясы жастарға жеңілдетілген ипотекалық кредит беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге, өз кәсібін бастаушыларға жағдай жасалып, қажетті консультациялар ұйымдастыруға және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендеуге күш салып отыр.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button