Қоғам

Кандидаттар еңбек адамдарымен кездесті

«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Гулам Умаров, Арман Еділбаев, Оксана Борисюк пен Жанар Бүркітбаева «Запчасть» АҚ зауытының қызметкерлерімен кездесті. Жалпы, бұл кәсіпорындағы бірнеше өндірістік цехтарда 400-ден астам адам жұмыс істейді. Табысты кәсіпорынның жұмысшылары темір жол көлігіне арналған дөңес аяқ киімдерді, тежегіш төсемдер мен доңғалақ жұптарын, шойын және болат дайындамаларды, жылу энергетикалық кешендерге арналған броньды плиталарды сондай-ақ конустық ұсатқыштарға арналған плиталарды, тегістеу шарларын және тау-кен байыту кәсіпорындарында қолданылатын өзге де бөлшектерді шығарады.

Кездесу барысында партиялықтар еңбек адамдарын «AMANAT» партиясын қолдауға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар ең әуелі өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, жетекші партия алдағы 5 жыл ішінде түйткілді мәселелерді шешуге ықпал ететінін жеткізді.

– Сіздердің көпшілігіңіз зауытта 10-15 жылдан астам уақыт жұмыс істейсіздер. Осы уақыт аралығында өрлеу мен құлдырауды бастан өткердіңіздер. Ал бүгін сіздер жұмыс істейтін зауыт ел экономикасын алға жылжытуда. «AMANAT» партиясының басты міндеті – еңбек адамдарына жағдай жасау. Сондықтан, алдағы саяси науқанға бей-жай қарамаңыздар. 19 наурыз күні лайықты кандидаттарға дауыс беріңіздер. Баршаңызды «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасымен танысуға, партиялықтардың ұзақ мерзімді уақыт аралығында халықпен бірге екендігіне көз жеткізуге және бізді қолдауға шақырамын, – деді Гулам Умаров.

Ал үміткер Арман Еділбав партияның бүгінгі таңда ондаған филиалдары бар екеніне тоқталып, ондағы қызметкерлер жергілікті жерлердегі ахуалға мұқият талдау жүргізетінін атап өтті. Ол өз сөзінде «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасы аймақ тұрғындарының ұсыныс-тілектері негізінде құрылғанын баса айтты.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button