Қоғам

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 64 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдық мәдениет үйінде жұртшылықтың басын қосқан жиынға Г.Есқалиева, Б.Базарбаев, Б.Мақашов, М.Жұмаділдаев қатысып, сайлаушыларды саяси науқанға белсене атсалысуға шақырды. Ең алғашқы сөз тізгінін алған Бақдәулет Махашов партиялықтардың қашан да халық мүддесі үшін қызмет ететінін баса айтты.

« Қазір мемлекет басшысы да, жергілікті билік те ауыл халқының тұрмысын жақсарту тұрғысында ауылдық елді мекендерге аса көп мән беруде. Бұл жұмыстар «AMANAT» партиясының да назарынан тыс қалған емес. «Жер аманаты» жобасы аясында еліміз бойынша бірнеше мың гектар жер ауыл халқына қайтарылды. Өздеріңіздің ауылдарыңыз да қалаға жақын орналасқандықтан партия тарапынан басымдық берілуде. Сондықтан, өздеріңіздің ұсыныс пікірлеріңізді жинақтай отыра, аталған ауылда тиісті жұмыстар атқарылмақ»,-деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бақдәулет Мақашов.

«AMANAT» партиясының түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Өңірімізде 10 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілсе, алдағы 5 жылда тағы қосымша 64 ауылдық округте газ тарту мәселесі біріңғай шешімін табады. Сонымен қатар 32 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Ауыл шаруашылығында 7 жоба жүзеге асырылып, 170 адам жұмыспен қамтылды. Аймақта 3900 орындық 9 мектеп салынды. 6 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, сайлауалды бағдарламаға енгізіліп отыр. Сондай-ақ өңірде газдандыру-ауылды жандандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүйелі іске асырылуда. Партия ауыл тұрғындарына пилоттық жоба шеңберінде шағын несие алуға көмектесумен қатар ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы кооперативтік кәсіпкерлігіне тартуға атсалысады», – деді Батырхан Базарбаев.

Бұдан кейін, сөз алған кандидат Гүлнар Есқалиева партияның сайлауалды бағдарламасында жігерлі жастарды қолдау, медицина және білім саласын дамыту мақсатында кешенді шаралар нақты қолға алынатындығына тоқталды. Ал Мұрат Жұмаділдаев депутат болған жағдайда жерлестерінің мұң-мұқтажын билікке жеткізу жолында барын салатынын жеткізді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кандидаттар барлық ұсыныс-тілектер ескеріліп, оны шешу жолында «AMANAT» партиясы нақты қадамдарға баратынын атап өтті.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button