Қоғам

ЕҢБЕК АДАМЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң аясында, жоспарға сәйкес жалғасуда. Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парлементі Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер теміржолшылармен кездесіп, саяси ұйымның алдағы 5 жылда атқаратын жұмысының бағыт-бағдарын түсіндірді.

Үміткер Мақсұт Нәлібаев: «Ашығын айту керек, соңғы уақытта теміржол саласы мемлекеттік саясаттан, қоғамдық іс-шаралардан тыс қалып жүр. Бұл көптеген түйіткілді мәселелерді су бетіне шығарды. Әсіресе, жұмысшыларды қысқарту, жалақының ұзақ жылдар бойы көтерілмеуі сияқты қиындықтарға теміржолшылар жиі ұшырасады. Темірдей тәртіптің тезінде жүрген азаматтардың жағдайын жақсартып, лайықты жалақысын беру «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының нақты жоспарында бар. Сахна сыртында адал еңбек, маңдай термен елге қызмет етіп жүрген теміржолшылар мемлекеттің игіліктерінен, баянды бағдарламалардан тыс қалмауы тиіс»,-дейді

Елдің де, жердің де атақ-абыройын еңбек адамдары шығаратыны белгілі. Нағыз еңбек адамы – елдің баянды бағы. Біздің алдымызда тұрған міндет те еңбек етемін дегенге қызмет беріп, еңбек адамдарының абыройын асқақтату. Осылай деген Батырхан Базарбаев теміржол мамандарына сайлауалды бағдарламаның негізгі тетіктерін түсіндірді.

«Адал еңбегінің арқасында нәпақасын тауып жүрген, түрлі салада қызмет етіп жүрген азаматтарды тауып, соларды дәріптеу біздің басты міндетіміз деп есептеймін. Өкінішке орай көп жағдайда олай емес. Жергілікті жерлерде мемлекеттік наградаларға, түрлі марапаттарға ұсынылған кезде еңбек адамы көлеңкеде қалып жатады. Кей кездерде еңбекке қатысы жоқ азаматтарды ұсынып жататыны тағы бар. Меніңше мұның барлығы ашық әрі әділ түрде жүргізілуі және жүйеленуі қажет. Және біз соны қадағалаймыз»,-деді Батырхан Базарбаев.

Кездесу барысында, жұмысшылар еңбек қауіпсіздігін күшейту және медициналық-әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушінің есебінен жарна аудару мәселелерін қозғады. Аманаттықтар бұл мәселелердің сайлауалды бағдарламада қамтылғанын, алдағы уақытта еңбек адамының мүддесін қорғау мәселесі заң аясында қолға алынатынын жеткізді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button