Қоғам

АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ-ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер «Ана мен бала» перинаталдық орталығының ұжымымен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ана мен бала денсаулығы – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі ұлттың болашағы – алтын құрсақты аналарымыз бен бесіктегі бүлдіршіндеріміз. Ал оларға әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекеттің басты назарында екендігін айтып өткен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлшат Мұсаева «Ана мен бала денсаулығы мемлекеттің терең мән беріп, ерекше назар аударатын салмақты саласы десек, артық айтқандық болмас. Себебі ұрпақтың сапасы мен ұлттың санына тікелей әсер ететін жандардың аман-саулығы – қоғам үшін қашан да маңызын жоймайтын құндылық. Партияның 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында білім мен медицина саласына басымдық берілген. Атап айтқанда, бағдарлама негізінде өңірімізде медициналық амбулаториялар мен ауруханалар салынбақ. Сондай-ақ, көпбалалы аналарға әлеуметтік жағынан ықпал көрсету мәселесі де қаралған»,-деді.

Ал, үміткер Батырхан Базарбаев «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында сапалы денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі назарға алынғандығын сөз етті.

«Бүгінгі күні облыста 116 дәрігер, оның ішінде реаниматолог, акушер-гинеколог, фтизиатр, пульманолог сияқты тар шеңберлі мамандар тапшылығы байқалады. Бұдан басқа, 22 медициналық мекеме жалға алынған үй-жайларда орналасқан, 13-і күрделі жөндеуді қажет етеді, медициналық ұйымдардың тозуы орта есеппен – 28%. Сондықтан «AMANAT» партиясы әрбір азамат тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына қарамастан, қажетті кәсіби медициналық көмекті дер кезінде алуы керек деп есептейді»,-дейді.
Ол үшін партия қалада ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана мен 200 төсекке арналған заманауи перинаталдық орталық салынуына ықпал етеді. Сонымен қатар, облыстық қан орталығы құрылысының жүргізілуін бақылауға алып, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт құрылысын жүргізуге қаражат көзін қарастырады.

Жиын соңында орталық ұжымы сайлауалды бағдарламаға өздерінің пікірлерін білдіріп, сайлау науқанына бірауыздан қатысатындықтарын жеткізді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button