БастыЖаңалықтар

Президент бірнеше заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұған қоса Президент тағы бірқатар заңға қол қойды:

  • “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы”;
  • “2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы”;
  • “Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы”.

Басқа жаңалықтар

Back to top button