БастыЖаңалықтар

Си Цзиньпин 20 наурызда Ресейге барады

Қытай басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 20-22 наурызда Ресейге барады, мемлекет басшылары Ресей мен Қытай арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

20 наурызда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Мәскеуге мемлекеттік сапармен келеді, деп мәлімдеді РИА Новостиге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

“Қытай президенті Ресейдің басқа да қалаларына бара ма?” деген сұраққа Песков “Мәскеуге”, – деп жауап берді.
Си Цзиньпиннің Ресейге сапары екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтады деп күтіліп отыр.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбиннің айтуынша, ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button