Жаңалықтар

Созақта Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

Бүгін елімізде ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Созақ ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев алғашқылардың бірі болып Сызған ауыл округіндегі №701 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын ауданның дамуына жұмсап, елге қызмет еткен ардагер бүгінгі маңызды саяси науқан жоғары деңгейде, әділ өтсін деп бата берді.

– Ел болашағы үшін әрбір азамат дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-нан асқаныма қарамастан таңсәріден келіп өз таңдауымызды жасап, саяси науқаннан шет қалмадым. Қашанда еліміз аман, бейбітшілік заман болсын,– деп ізгі ақ тілегін жеткізді. Сайлау комиссиясының жұмысына табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button