Жаңалықтар

Түркістан: Мүгедектігі бар жандар сайлауда белсенді дауыс беріп жатыр

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Жетісай ауданы бойынша 75 сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.

Аталмыш учаскелерде дауыс беру кезінде ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар 1151 сайлаушы тіркелген. Олардың 284-і кресло-арбаларды пайдаланса, 486 тұлға көру қабілетінен толық айырылған, ал, 381 сайлаушы есту, сөйлеу қабілетінен толық айырылғандар.

Бүгінде барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау мақсатында пандустар, токтилді жолақтар, сілтеуіштер, арнайы бұрыштармен қамтамасыз етіліп, толық жағдай жасалған.

Одан бөлек, үйінде дауыс беретін сайлаушыларға сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері заңдылықтар мен ереже-талаптарды сақтай отырып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндіктер қарастырған.

Ал, мүгедектігі бар өздігінен жүріп-тұра алатын жандарға 4 инватакси мен 7 әлеуметтік такси қызметі, еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты 11 арнайы маман бекітілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button