БастыЖаңалықтар

Беларусьтен келе жатқан жүк пойызы Алматы облысында рельстен шығып кетті

Алматы облысында Беларусьтен келе жатқан пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ресми сайтында мәлімдеді.

“Қопа станциясында контейнерлері бар төрт вагон рельстен шығып кетті. Пойыз Беларусьтен Алтынкөл станциясына қарай келе жатқан”, – делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген. ҚТЖ-да апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button