БастыЖаңалықтар

Ербол Тілешов Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлай ды degeneken.kz тілшісі.

Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.

1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарды.

2002-2004 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.

2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.

2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.

2022 жылғы наурыздан бастап қазірге дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button