БастыЖаңалықтар

Тоқаев Шавкат Рахмоновты Ақордада қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Президент отандасымызды жақында Лас-Вегас қаласында өткен UFC турниріндегі жеңісімен құттықтады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Рахмонов Астана қаласында кездескен еді. Өз сөзінде Тоқаев спортшыны жеке қабылдайтынын мәлімдеген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button