БастыЖаңалықтар

Шымкентте автобус ішінде оғаш әрекет жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттік полицейлер автобуста 12 жастағы қыздың алдында өзін қанағаттандырған ер адамды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер факт Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

“Полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта оны ұстау үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button