ШЫМКЕНТТЕ 100 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Shymkent city шағын ауданында «ASAR HOUSE» тұрғын үй кешені бой көтерді.Ел тілегін ескере отырып,қабырғасы қаланған пәтерлер заманауи үлгіде салынған. Бүгінде құрылысы толықтай аяқталған тұрғын үй кешінінің салтанатты ашылу рәсімінде 100 отбасыға пәтер кілті табысталды.
«ASAR HOUSE» – бұл жер үсті паркингі мен ішкі ауласы бар тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған 5 қабатты үйлер кешені.Мұндағы басты ерекшелік – үй қабырғасы күйген кірпіштен өрілген. Яғни, негізін қалаушы OKS Development компаниясы құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне аса мән беріп, тұрғын үй жобасын барлық техникалық талаптарға сай түзген.Алғашқы болып пәтер алғандардың бірі,қала тұрғыны Хамза Амангелдіұлы көптен бері армандаған пәтеріне қол жеткізгендігін айтып,қуанышымен бөлісті
Тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы – 6037 шаршы метр. Ал,пәтерлер саны – 100. Төрт блоктан тұратын үй ғимараты 45,65,82 шаршы метрлі 1,2,3 бөлмелі пәтерлерден құралған.
Қоныс тойын тойлағандардың жартысына жуығы пәтерлерін Отбасы банк арқылы сатып алған. Пәтер иелері үй алу үшін 50/50;30/70 бағдарламаларын пайдаланған -,дейді Отбасы Банк АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова
Айтулы шара барысында қонақтарға дәмді ас мәзірі ұсынылып,түрлі ертегі кейпіндегі аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Той соңы түрлі ұтыс ойындарынан құралған сауықтық бағдарламамен жалғасты.



