12 АВТОБУС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Үшінші мегаполисте жаңа автобус қолданысқа берілді. ИП «Әбдуғаниев» қала жолаушыларын тасымалдау көлігінің санын арттырды. Енді жаңа қоғамдық көліктер №30 бағытта қатынайтын болады. Есесіне автобус аралық интервал уақыты біршама азаяды.
Нұрлан Пайзов
тілші
– Шымкентте әлеуметтік маңызға ие №30 бағыттағы қоғамдық көліктер 12 жаңа автобуспен жаңартылды. Енді бұл техникалар Сайрам елдімекені мен Ордабасы алаңы арасында тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Бұл автобустардың бұрынғы Ю тоң автобустардан ерекшелігде оншаі жоқ. Себебі мұнда да ауа салқындатқыштар және 5 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Шымкент мегаполис атанғалы автопарктерге қойылатын талап жоғарылаған. Осы орайда ИП «Әбдуғаниев» автопаркі 12 автобус сатып алыпты. Несиеге алынған қоғамдық көліктердің әрқайсысы 30 миллион теңге тұрады. .
Әлішер Мәдікәрімов 20 жыл жүргізуші болып жұмыс істейді. Бұрын Чаолин маркалы автобуста жүргізуші болдым деген ол жаңа автобустың ерекшеліктерімен бөлсті.
Қоғамдық көліктерді жаңалау жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды. Шаһар басшысының орынбасары Мақсұт Исахов автобустарды автопарк қожайыны өз қаражатына сатып алғанын айтты.
Айта өтейік қала ішінде қатынайтын қоғамдық көлік саны мыңға жуық болса олардың 877 сі тұрғындарға күнделікті қызмет көрсетеді. Жолаушылар тасымалымен 10 жекеменшік компания 77 бағытта айналысады.



