БастыЖаңалықтар
Қызылорда облысында локомотив өртенді

Қызылорда облысында жүк пойызының локомотиві өртеніп кетті. Оқиға 16 мамырда Қызылорда-Жосалы учаскесінде болды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Сондай-ақ өртті аудандық өртке қарсы қызмет күштері дер кезінде сөндірген.
“Оқиға орнына қосалқы локомотив жіберілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.