Спорт

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ЖЕРЛЕСТЕРІ ӘУЕЖАЙДАН КҮТІП АЛДЫ

Бокстан Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан туған жері – Шымкентке келді. Оны әуежайдан ата-анасы мен қала билігі, жерлес жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды. 54 келі салмақта жұдырықтасып, әлем чемпионы атанған спортшыны Шымкент әкімдігі де құттықтап, сый-сыяпат табыстады.

Бұл жиналғандар чемпион мінген ұшақтың жерге қонғанын  тағатсыздана күтіп тұр. Ауа райы құбылса да табанына тік тұрып, көк туды желбіретіп тұрған жастар жерлестері Махмұд Сабырханды айтулы жеңісімен құттықтамақ. Олардың арасындағы әлем чемпионының жақындары да бар.

Бокстан ұлттық құрама мүшесі Махмұд Сабырхан – Шымкент қаласы мегополис болғалы шыққан тұңғыш чемпион. Сондықтан да бұл жүлденің қала спорты тарихында орны бөлек.

Ал чемпионның жеке бапкері спортшының алдағы жоспарын да айтып қалды. Махмұд Сабырхан ендігіде Париж Олимпидасына лицензия берілетін жарыстарда барын салмақ.

Әне-міне дегенше Астанадан-Шымкентке ұшқан ұшақ әуежайға қонды. Ташкентте өткен чемпионаттағы сезімін бөлісіп, финал туралы ойын айтты. Жанкүйер болып, қолдаған Қазақ халқына алғысын білдірді.

Ересектер арасында өткен 22-ші Әлем чемпионатының жеңімпазын жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те чемпионды құттықтап,  Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады.  Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер, ал жеке жаттырушысына 5 млн теңгенің сертификатын табыстады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button