ШУНГИТ ӨНІМДЕРІ ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шунгиттен жасалған өнімдер – тері және буын ауруларын емдеуге таптырмас дауа екенін білесіз бе? Отандық «G-time» корпорациясы минералды тастан сабын, опа-далап және жақпамайлар шығарады. Құрамында ешқандай химикаттары жоқ сапалы тауарлар елімізде ғана емес, шетелде де зор сұранысқа ие. Компания өкілдері бұл жолы экологиялық таза тауарларын Шымкент тұрғындарына таныстырды.
Қалбүбі Сұлтанбаева 27 жылдан бері псориаз ауруымен ауырып келген. «Жақпамай мен дәрі-дәрмектің түр-түрімен емделдім. Бірақ, тек осы шунгит өнімдері ғана дертіме дауа болды»,- дейді 62 жастағы қария. Қазір ақжаулықты ананың терісі тап-таза. Аурудың белгілері де жоқ. Енді отандық өндіріске өзі де қолдау білдіріп, табыс тауып жүр.
Қазақстандық «G-TIME CORPORATION» 2012 жылы Алматы қаласында құрылған. Бұл – бренд, әлемде аналогы жоқ танымал корпорация. Серіктестік тек Қазақстанда ғана емес, шет елде ең ірі және елеулі компаниялардың бірі болып саналады. Өндіріс орынына тиесілі «Шұғыла шунгит» және «Голден Тайм Груп» атты екі зауыты бар.
Шунгит – минералды тас. Оның адам ағзасын тазартатын қасиеті бар. Ал, суға салса, құрамы бұлақ суынан кем болмайды екен. Бұрын тек Карелияда ғана өндірілсе, енді бұл тас Қазақстанның шығысынан табылып отыр. ! Сабынды тері ауруларына, безеулерге, варикозға, цистит және гемаройға, аяқтың тершеңдігіне және иіс шығуына, жараларға және басқа да тері ауруларына қарсы қолдануға болады.
Көрме орталығына отандық өндірістің келешегі мен бүгінін білсем деп келгендердің қарасы қалың. Қыз-келіншектердің дені – мүмкіндікті құры жібермей, бет күтімене ден қойды. Қаз-қатар тігіле отырған мамандар тұтынушылардың беттеріне массаж жасап, экологиялық өнімнің ерекшеліктерін насихаттады.
«Шұғыла шунгит» зауытынан шығарылатын отандық өнімнің 50-ге жуық түрін, 88 мемлекет қолданып отырған көрінеді. Емдік шөптерден жасалған өнімдер түрлі тері ауруларымен қоса көптеген сыртқатқа ем – дейді, мамандар.Сапалы өнімді сатып аламын деушілер оны Шымкент қаласындағы Байтұрсынов көшесіндегі 88үйден таба аласыз.



