Жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТ КІМ, БЛОГЕР КІМ?!

«Журналиспін» деп жар салатындар көбейген! Ал негізі журналистика деген қандай сала? Отандық ақпарат саласы соңғы 20 жылда қалай өзгерді? Ұтылған тұс пен ұтқанымыз қайсы? Өзге емес, өз жайымызда өзіміз айтайық деп шештік.

Жыл БАҚ өкілдері үшін қуанышты жаңалықпен басталған-ды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі өткен жылды қорытқанда біраз мәселені айтты. Дархан Қыдырәлі алдымен БАҚ туралы заңнаманы жетілдіру, талқыға салу жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндап берді. Министрдің айтуынша,  жаңа Заң жобасында оң өзгеріс көп. Мұнда журналистердің мәртебесін белгілеу, тұрғын үймен қамту жайы да ескерілген.  Жалақысын көтеру, тілшілердің жұмысына кедергі келтірмеу де назардан тыс қалмапты.

Онлайн платформалар мен интернеттегі жарнама қызметі, жалған ақпараттарға тосқауыл қою  – елде өте өзекті. Ақпараттық сауаттылық мәселесі тағы бар. Министр әлеуметтік желідегі сананы улайтын жазбалардың жолын кесу туралы айтқан. Ал тележурналистикада сан жылдан бері жүрген тілшілер «жылдамдыққа қол жеткізгенімізбен, кей сала кенжелеп қалды» деп отыр. Тілшілер ештеңеге қарамай, өз тарапынан ізденуден талмауы, бәсеге қабілетті болуға тиіс екен.

Қазір репортерлардың қауіпсіздік мәселесі де қаралып жатыр. Себебі, тілшісі еркін елдің өзі, сөзі де тәуелсіз. Бұл әлемді алаңдатқан проблема. Мәселен, былтыр БҰҰ Бас хатшысы әлем бойынша қызметтік міндетін өтеу барысында 9 айда 70 журналист көз жұмғанын хабарлаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button