Жаңалықтар

ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ІV СЕССИЯСЫ

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті. Жиын «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» тақырыбын арқау етті. Басқосуда қоғамның түрлі саласында табанды еңбек етіп отырған өзге ұлт өкілдерінің тең дәрежелі өмір сүруін қамтамасыз ету жайы сөз болды.

Алқалы жиынға ассамблея мүшелері, халық қалаулылары, құқық қорғау саласының мамандары мен дін өкілдері арнайы қатысты. Қазақ жерінен бақыт тапқан этнос өкілдеріне деген құрмет жайы айтылды. Ассамблея  өзіне артылған жауапкершіліктің үдесінен шығып отыр,-деді шаһар басшысы.

Өткен жылы Президент тапсырмасы нЕгізіндке қолға алынған «Достық» үйінің тиімділігі сөз болды. Бірлік алаңына айналған орталық талай мәселенің күрмеуін тарқатқан бірден-бір орын болып отыр. Болашағын қазақ елімен байланыстырған энос өкілдері елдегі игіліктерге дән риза.

Жиында сондай-ақ, қазақ тілін  өзге ұлт өкілдерінің жетік меңгеруі тиіс деген ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, әскер қатарана шақырылатын  этнос өкілдерінің аздығы тілге тиек етілді. Сондықтан да жеткіншектердің бойына отансүйгіштік қасиетті отбасында дарыту бойынша пікір білдірді.

Әйтенов жиында көтерілген мәселе шешілмей қалмайды,-деді. Ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ. Қажет болған жағдайда қаржы бөлінеді. Еске салсақ, Шымкентте 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Олар жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істеп отыр. Белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button