ЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТТЕ БАСКЕТБОЛДАН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ШИРЕК ФИНАЛ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Шаһарда «Шымкент жастар лигасы» жобасының ІІІ – кезеңі өтті. Спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектеп, 524 команда, 5926 оқушы қатысып жатыр. Ал, бүгін баскетболдан плей-офф 1/2  ойын кестесі бойынша 4 мектеп оқушылары сайысқа түсті.

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасы алғаш рет 2021 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында бастау алған болатын. Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған. Қазіргі таңда,баскетболдан Шымкент қаласы бойынша 137 команданың қатысуымен ойындар өткізілді. Ал, бүгінгі баскетбол фол финалында 4 мектеп оқушылары бақ сынап жатыр.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші бұл бәйгеде бапкердің орны ерекше.  Әр оқушының бабын тауып, тілдесе отырып, жеңіске жетелейтін ұстаз.  Оқушыларын аламанға қосып, тақымын қысып, тілеуін тілеп отырған ұстаздарға және де осы сайысты ұйымдастырып отырған жандарға қатысушылар өз алғыстарын білдірді. Ал, сайыста қатысушылардың бірі жеңіске жетсе, енді біреуіне сәл ғана сәттілік жетіспеді.

Жоба – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button