ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

«Халық заңгері». Шымкентте дәстүрлі жалпыреспубликалық акциясы өтті. Шара аясында тұрғындар өзін толғандырған сан түрлі сұрағы бойынша кәсіби мамандардан тегін кеңес алды. Онда заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері заң аясында тегін кеңес беріп, көмек көрсетті.
Разия Нигмадилова жалпыреспубликалық акцияның өтетінін естіген бойда заң қызеткерерінен кеңес алуды жөн көрген. Ол екі мәселе бойынша келіпті. Біріншісі 2001 жылы жазылған мұрагерлік құжатының қаншалықты заңды күші бар екенін білгісі келген. Ал екінші сұрағы вандалдарға байланысты.
Разия Нигмадилова
қала тұрғыны
– 25 ақпанда Әлфараби аудандық полиция бөліміне мұсылман зиратындағы қирандылар бойынша шағым түсіргенмін. Үш ай өтседе құқық қорғау қызметкерлерінен кері жауап жоқ. Мұндай жаңдайда не істеу керектігі жайында мұндағы мамандардан кеңес алдым. Олар ары қарай қандай әрекет жаусау керектігін түсіндірді.
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс істейді. Акцияда ажырасқан адамдардың мүліктік, мұрагерлік дауларын ортақ бітімге келтіруге болатыны айтылды. Жыл басынан бері 109 шағым сотқа жеткізілмей, медиация тәртібімен шешілген.
Дәстүрлі түрде өтетін жалпыреспубликалық акцияның қарапайым халыққа пайдасы көп дейді ұымдастырушылар. Шараға 8 жылда 150 мыңнан астам тұрғын қатысып, құқықтық сауаттылығын арттырған. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы «Халық заңгері» акциясын алдағы уақытта қаланың барлық аудандарында өткізетінін айтты.
Айта өтейік, акция еліміздің барлық ірі қалаларында өтті. Жалпы 2016 жылдан бері акцияға 7 мыңнан астам сарапшы мен құзыретті орган өкілдері қатысқан.



