Жаңалықтар

ШОМЫЛУҒА РҰҚСАТ ҮШ ОРЫН БЕЛГІЛЕНДІ

Шымкент – жазы ыстық болатын аймақтардың бірі. Сондықтан да өңірлік климаттық жағдай бойынша суға шомылу маусымы ерте басталады. Үшінші мегополис тұрғындары мен қонақтары биыл қайда барып шомылуына болады? Рұқсат етілмеген, тыйым салынбаған 13 орындар қайсы? Жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін қандай жұмыс атқаралды?

 Күнту Арынбек

тілші
– 2022 жылы Шымкенттегі су айдындарында 3 адам суға кетіп, қаза тапты. Өкінішке қарай, оның екеуі бала. Жалпы судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында биыл профилактика жұмысы сәуір айында басталған, бүгінде қала аумағында шомылуға рұқсат 3 орын бар.


Күнту Арынбек

тілші
– Қазіргі таңда шомылуға рұқсат етілген су айдындарының түбін тазалау бойынша дайындық жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Қалада суға шомылуға тыйым салынған 13 орын белгіленген. Осы орындарға шомылуға болмайтыны туралы тақтайшалар қойылған.

Басқарма басшысы брифингіде сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 36 рет рейдтік іс-шара өткенін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі. Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 412, 364, 440 баптары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Айта кетейік, бүгінде республика бойынша су айдындарында шомылу маусымы басталмай жатып, 17 адам суға батып кеткен, оның үшеуі бала. Ал Шымкентте суға қатысты өлім-жітім оқиғалары тіркелген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button