БастыЖаңалықтар

Қызылордада екі жасар баланың асқазанынан алтын білезік алынды

Қызылордада екі жасар анасының алтын білезігін жұтып қойған. Анасы бастапқыда бағалы әшекейдің жоғалғанын байқамаған екен. Алайда кейін тексеріс кезінде күдігі расталыпты, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Дәрігерлер эндоскоп арқылы тексеріс жүргізіп, баланың асқазанында бөгде зат барын анықтаған. Бұл заттардың барлығын сәтті алып тастапты.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскописті Серік Нүсіпқожаев жыл басынан бері осы секілді 25 ота жасалғанын айтады. Өткен аптада ғана батарея мен магнит алған екен.

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаға бөгде зат түсудің белгілері тұмау белгілеріне ұқсас: жөтел, құсу мен қырылдау. Егер балада осындай белгілер пайда болса, алдымен дәрігер-эндоскописпен кеңескен жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button