Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ МЕКТЕБІ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Үздік жекеменшік мектеп! Қаладағы №1 Талант жалпы орта білім беру ұжымы осындай атаққа ие болып отыр. Жылды сәтті қорытындылаған мекемеден 78 балапан қанат қақты. Оның бесеуі алтын белгіге тәмамдаған. Бас-аяғы бір жылдың ішінде осындай өрлеудің құпиясы неде?

Бұл атақ айдан келген жоқ. «Білім өркениеті» ұлттық ғылыми зерттеу орталығының қорытындысы. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясын кеңейтіп, жемісін беріп отырғандықтан қойылған баға. Білім ошағының ұжымы «бұл әлі бастамасы» дейді.

Мектепте балалар интеллектуалдық бағытта тәрбиеленеді. Алдағы уақытта олимпиадалық, эстетикалық бағыттағы білім ордасына айналмақ. Биыл алғашқы түлектерін ұшырып отыр.

Айта кету керек, №1 Талант ЖББМ оқушылары биыл 70-тен аса Республикалық, Халықаралық, қалалық деңгейдегі байқауда топ жарған. 100-ге жуық бала жүлделі болды. 2022-23 оқу жылын 1000 баланың 300-і үздік нәтижемен қорытындылап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button