21 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ
Түркістан облысында биыл 29 491 жас түлек өмірге қадам басты. Оның 21 мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген. Білімімен қатарластарынан қара үзген 1416 оқушы «Алтын белгіден»үміткер екен. Сондай-ақ балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін арнайы лагерлер мен мектеп жанынан қосымша орындар ашылады.Ал,бүгіңннен бастап ел аумағында балаларды жұмысқа жегудің алдына алу мақсатында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.
Сонымен оқушылардың мектеп қабырғасында 11 жыл бойы алған білімін саралайтын күн де жақын. Биыл түркістан облысы бойынша отыз мыңға жуық бала мектеп бітірсе оның 21 мыңнан астамы ҰБТ-ға қатысып өз бағын сынап көрмек екен. Облыстың бас педагогының айтуынша өңірдегі бес ауданда «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Ол жерлер толықтай компютермен қамтылып, балаға жағдай жасалған. Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. Түлектер қаңтар айынан бастап сынақ тапсырып, ЖОО-на түсуге мүмкіндік алып отыр.
Дінислам Болатханұлы
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы
– «Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу – 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы бойынша 29 491 мектеп бітірушілері бар. Соның ішінде ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген 21 071оқушы.. 71-4 пайыз. 4357 шығар. 614. Жалпы балалардың қоғамға сіңіп кетуніе бақылауды үзбеймін. Қорытынды аттеста 11 -9 сынып,. 9 сынып үшін 2*-13 маусым аралығында өтеді. Алтын үміткер 1416 барлығы өз мектептерінде тапсырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен оқушыларды қауіпсіз тасымалдау мақсатында жыл басында ғана облыстағы бірқатар білім ұяларына 71 дана су жаңа автобус берілген еді. Бүгін тағы 30 автобустың кілті табысталды. Бұл алдағы жаз маусымында балаларды жазғы лагерге тасымалдауға мүмкіндік бермек. Былтыр облыс бойынша 2006 мың бала жазғы лагермен қамтылған. Биыл да бұл көрсеткіш артпа азаймайды дейді бас педагог. Себебі барлық оқушылар үйлері мен оқушылар сарайлары оған қоса мектеп жанындағы лагерлер де жұмыс істемек.
Дінислам Болатханұлы
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы
– Өткен жылы 2006 мың бала жазғы скауықтырумен қамтамасыз етілсе. Билы 17 жазғы сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Қала сыртында 41 мың 597 бала мектеп 153 мың бала ұйымдастырылады. Әлеу 23200 бала. Ата есебінен бір бала сауықтыру бюджеттен бөлінді. Обл 3390 бала жазғы лагермен қамту. 110 мың бала орман жұмыстарына қатысады. Самал лагері екі отбас үлгі лагер балаға тегін демалыс ұйымдас 1050 бала балдәурен лагер демалады. Жалпы ағым жөндеу өткізуге 52 миллон бөлінген.
Тағы бір жағымды жаңалық биыл 9 сыныпты бітіріп колледжге түсем деген оқушылар үшін 15 мың грант бөлінген.Бұл жастардың кәсіби маман алуына негіз болмақ. Жаз айларында әсіресе ауыл балалары егін алқаптарына шабыққа шығып, жұмысқа жегілетіні тағы бар. Дегенмен ҚР Еңбек кодексіне сәйкес заңда көрсетілгендей, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шарты жасалады екен. Егер бала денсаулығына қауіп төнбейтін жұмыстар болса 15- тіпті 14 жастағы балалармен де келісім шарт түзіле береді екен. Яғн, киноға түсу, театрларда, цирктерде денсаулығына, имандылық тұрғысынан дамуына және оқу процесіне нұқсан келтірмейтін болса. Көрсетілген жағдайларда, еңбек шартына кәмелетке толмағандармен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.
Дінислам Болатханұлы
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы
– Сонымен қатар осы жерде мен тағы да бір ерекше назар аударғым келеді. Жалпы 1-12 аралығында облыста балалар еңбегін пайдалнуға қарсы 12 күн ұлттық ақпараттық науқаны басталады.бұл жерде сіздердің де көмектеріңіз қажет. Біздің аграрлы өңірде балалардың еңбегін заңсыз пайдалану фактілері өте көп. Осыған ата-аналарды да балаларды да назар аударуды сұраймын. Балалар жұмыс істей алады ол үшн олар 14 жастан жоғары болуы керек. Және күнделікті 4 сағаттан аспауы керек. Бірақ олардың да еңбек ақысы желінбей толық қанды төленуі керек.Міне осы шарттарды назарға алуларыңызды сұраймын.
Жалпы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Оқушыларды тасымалдайтын автобустарға міндетті түрде патрульдік полицияның арнайы автокөліктерімен ілесіп жүру жүзеге асырылады. Балаларды полициясыз тасымалдауға тыйым салынады.