Жаңалықтар

САРБАЗДАР МҰРАЖАЙҒА БАРДЫ

Шымкенттегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында мерзімді қызмет өткеріп жатқан сарбаздар ерекше мұражайға барды. Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында өткен шарада ел басына түскен барлық ауыртпашылықтарын өз көздерімен көруге  мүмкіндік алды.

Бұл күні нұсқаушы жауынгерлерге Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескен, кейіннен осы идеялары үшін қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалардың ерлігі дәріптелді. Мұнда мыңдаған құнды экспонаттар қойылған. Бұл арқылы қонақтар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің сонымен қатар жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болған адамдардың құжаттары мен суреттерін көріп таныс болады. Жауынгерлер тарихтан көптеген жаңа және маңызды дүниелерді тапты. Олар адамгершілікке жатпайтын жағдайларда жан-жақты дамуға ұмтылған және өмір сүруге күш тапқан, қадір-қасиеті мен абыройын сақтаған адамдардың төзімділігіне тамсанғанын білдірді. Айта кетсек, Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған саяси бағыттағы алғаш ашылған мәдени нысандардың бірі болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button