Жаңалықтар

12 МЫҢ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

Соңғы қоңырау үнін шымкенттік 12 мыңға тарта түлек естіді. Асқақ арманның жетегіндегі жеткіншектерді әр білім ұясы сән салтанатымен шығарып салды. №80 ІТ мектеп-лицейінде өткен қоштасу кешіне біздің арнаның тілшілері де қатысқан болатын. Бейнесөжетке зер салсақ.

Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп-лицейі шаһардағы іргелі білім ошақтарының бірі. Биыл бұл оқу орнын 128 оқушы бітірді. Оның 1-еуі алтын белгіге үміткер. 17-сі үздік аттестат алады. Солардың бірі – Абылай Сейітқұл.

Жүректері тебіреніп, жаңа өмірге қадам басқан оқушылар үшін бүгінгі күн ерекше екенісөзсіз. Қызығы мен қиындығы қатар өткен 11 жылды тәмәмдап, үлкен өмір күтіп тұрған түлектердің толғаныстары ерекше екені сезіліп-ақ тұр.

Аруна Қойбақова – Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімі

Жас түлектердің қатарында олимпиадалық, спорт және өнер жарыстарының жеңімпаздары бар. Қалалық  білім бәйгесінен оза шапқандары қаншама. Мектеп ҰБТ-ден шаһардағы үздік ондық рейтингтен түспеген.

Соңғы қоңырау – мектептегі соңғы сәт болғанымен, үлкен өмірдің бастауы. Бүгінгі түлектерді алда үлкен сынақтар күтіп тұр. Өмір жолында сүрінбей өтуіне ұстаздарымен бірге ата-аналары да тілекші. Қанатын қаққалы тұрған жас түлектерге ақ жол!

Басқа жаңалықтар

Back to top button