Жаңалықтар

ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, Тұран ауданында 4 ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Олар, Бәйдібек би көшесі бойындағы №246-шы және Отырар шағын ауданындағы №52 үй аулалары мен Құрсай, Ақтас елді мекендерінде орналасқан. Бүлдіршіндердің қуанышын бөліскен аудан әкімі Боранбай Болатбеков мерекемен құттықтап, кішкентайларға түрлі сыйлықтар үйлестірді.
Бұл Бәйдібек би көшесі бойындағы №246 үй ауласындағы осыдан 18 күн бұрынғы көрініс. Мұнда, бұрын – соңды балалар алаңшасы болғанымен, әбден тозығы жетіп ескірген. Оның орнына жаңасы салынады дегенді естіген тұрғындардың қуанышында шек болмаған еді. Енді, міне араға екі апта салып жаңасы бой көтеріп отыр.
Құрылыс жұмысы аяқталған  аулаларға балалар алаңшалары, демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылған. Сонымен қатар, ересектер үшін дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндіктерде қарастырылған. Алаңшалардағы ойын құрылғыларының бәрі де отандық өнім, деген мердігер мекеме басшы кепілдік мерзімінің бар екенін айтады.

Ел игілігіне берілген алаңшалар Отырар шағын ауданындағы №52 үй ауласы мен Құрсай, Ақтас елді мекендерінде орналасқан. Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Боранбай Болатбеков бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, кішкентайларға сыйлықтар үйлестірді.

Биыл Тұран ауданында 13 балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Оның 4-еуі орталықта орналасса, қалған 8-і шалғайдағы елді мекендерден бой көтермек. Олар, Құрсай мен Қазығұрт, Ақжар және Арғымақ шағын аудандарынан салынуда. Сондай-ақ, жаңа ауданда биыл 10 ашық аспан астындағы спорт алаңын орнату жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button