БастыЖаңалықтар
Астанада ірі өрт жетінші күні сөндірілді

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы Талдыкөл көлі маңындағы 80 гектар аумақтағы дала өртінің жойылғанын хабарлады, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.
“Елордалық өртсөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 гектар алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды”, – делінген хабарламада.
Құрғақ ағаш өрті 19 маусымда шыққан. Алғашқы өрт аумағы 15 гектар болған еді.