БастыЖаңалықтар

Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусының жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні “Алматы-Көкпек-Көктал” тасжолының 24-шақырымында болған.

“54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ”, – делінген полиция хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button