БастыЖаңалықтар
Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен кетті

5 қыркүйекте Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті Жарлығы жарияланды.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылды”, – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін әкімді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша Ақтөбе облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысы өтетіні хабарланған.
Ол Ақтөбе облысын2022 жылдың 31 тамызынан бері басқарды.