БастыЖаңалықтар
Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары басталды, – деп degeneken.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми деректер бойынша, президент бірнеше мемлекет басшыларымен халықаралық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізбек.
“Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ “Орталық Азия – АҚШ” саммитіне қатысады”,- делінген хабарламада.