БастыЖаңалықтар

Атырауда балалар ауруханасында 10 адам лифтіде қамалып қалған

Атырау облысындағы емдеу мекемесінде лифт істен шығып, ішінде ата-атаналар балаларымен бірге қалып қойған, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі AtyrauPress баслымына сілтеме жасап.

Жеделсаты ішінде болған адамдар оқиғаны видеоға түсірген.

“Құдай сақтап өлімнен аман қалдық. Есікті ашсақ, шахта көрініп тұр”, – деді ата-ананың бірі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі лифтте болған жағдайға байланысты түсініктеме берді.

“Лифттің көтере алатын жүктемесі тек 600 кг, яғни 8 адам. Лифт есігінің сыртында тек “Ауыр жағдайдағы науқастарға арналған” деген ескерту қағазы тұрғанымен, пациенттердің ата-аналары оны ескермей, 10-нан астам адам лифтке мінген. Шамадан тыс жүктеме болғандықтан, лифт уақытша істен шықты. Сағат 11:20-да техникалық ақау реттеліп, лифт қайта іске қосылғанын хабарлаймыз”, – деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button