БастыЖаңалықтар

Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін түрмеге қамалды

Қостанай облысының аудандық соты терроризмді насихаттады және діни алауыздық тудырды деген айыпталған күдіктіге үкім шығарды, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп, сотқа жіберді.

“Сотталушы интернеттің әлеуметтік желілерінде діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтерді, лаңкестік шабуылдар мен кепілге алынған адамдарды өлім жазасына кесу көріністерін, сондай – ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын жариялады”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сот процесінде күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Қылмыскер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім 2023 жылдың 20 қыркүйегінде заңды күшіне енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button