БастыЖаңалықтар

Университеттердің бірінен “Елбасы” сөзі алып тасталады

Парламент Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров қазақстандық университет атауынан “Елбасы” сөзі алып тасталатынын айтты, – деп хабарлайды degeneken.kz тілшісі.

Сенат кулуарында депутат бұл жоспарлар “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңға енгізілген өзгерістерге байланысты екенін айтты.

“Бұл жеке мәселе. Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сақтау қажет болды. Заң “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде” оқыту мәселесін реттейді.

Сенаторлар осы университет атауындағы “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” Конституциялық Заңның қолданылуын тоқтата тұруға байланысты “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы” деген сөздерді “Қазақстан Республикасы” деген сөздермен ауыстыруды ұсынды”, – деді депутат Орынбасаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button