БастыЖаңалықтар
Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшілері ауысты, деп хабарлайды degeneken.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.