БастыЖаңалықтар
«Барыс» «Металлург» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды degeneken.kz.
Кездесу бүгін, 31 қазан күні, сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 69 мәрте кездесті.
Оның 25-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 25 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұр.
Aл «Металлург» 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен 5-орынға орналасты.
Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.
Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.