Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды

“Ағам өзен жағасында телефонмен сөйлесіп отырғанда, суға батып бара жатқан әжені көрген. Басында көңіл бөле қоймаған, “суға батып жатыр” деп ойламаған. Сосын мән беріп қарап, бізді көмекке шақырды. Мен бірден Машат өзеніне қарай жүгірдім де, көпірден суға секіріп, әжені жағаға шығардым”, – деді Ален Мейірбек.
Жағаға шыққанда Құрмет бауыры Әленге көмекке келіп, егде әйелге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырыпты.
Суға батып кете жаздаған әйел кісі мұғалім, 78 жастағы зейнеткер болып шықты. Ол аяғы тайып, суға құлаған, ағыс алып кеткендіктен, суға бата бастаған.
“Науқас жедел жәрдеммен ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Оған ем тағайындалды, қазір әйел өзін жақсы сезінеді”, – деді Түлкібас аудандық орталық аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Қалибек Абылайұлы.
Зейнеткерді құтқарып қалған балаларды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі марапаттады.