Шымкентте жастар сарайы ашылмақ
«Фосфоршылар» мәдениет үйі жастар сарайына айналады. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
“🔹Өздеріңіз білетіндей, бұл ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігіне жататын еді.
🔹Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын.
🔹13 қараша күні «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді.
🔹Ары қарай ғимаратты көпфункционалды Жастар сарайы ретінде қайта қалпына келтіру және аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
🔹«Фосфоршылар» сарайы қаланың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынына және халық игілігіне қызмет ететініне сенімдімін”, – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram