БастыЖаңалықтар

Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті шетелдік әйел ұсталды

Алматы облысында құрсақтағы баласын сатпақ болған 24 жастағы көрші республика азаматын полицейлер ұстады, деп хабарлайды degeneken.kz.

24 қарашада Instagram желісінде Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлағандай, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында көрші мемлекеттің тумасын ұстады.

Аталған азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button